ӨСКЕМЕН, 13 наурыз. Өткен жылы ШҚО-да 256 келі есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев ішкі істер органдарының жұмысындағы маңызды бағыттың бірі нашақорлықпен күрес екенін атап өтті.
– 2020 жылы 253 есірткі қылмысы анықталды, оның ішінде 157 факті есірткі өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан барлығы 256 келі әртүрлі есірткі алынды, – деді С.Мәдиев.
ШҚО бас полицейі полиция қызметкерлері еліміздің оңтүстік өңірлерінен алты есірткі жеткізу арнасының жолын кесіп, бес қылмыстық топты залалсыздандырғанын хабарлады.Сонымен қатар есірткіні насихаттау мен жарнамалауға қарсы күрес белсенді жүргізілуде. Есірткі сайттарын жарналамайтын 112 граффити анықталып, жойылды, есірткі тұтынуды насихаттайтын 73 интернет парақша бұғатталды.