НҰР-СҰЛТАН, 15 наурыз. Германияда коронавирустық пандемия кезінде билік тарапынан бизнеске көрсетілген көмектің бір бөлігі исламшыларды қолдауға кетуі мүмкін еді, деп Welt газетіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«Кейбір жағдайларда терроризмді тікелей қаржыландыруға күдік бар», — делінген мақалада.
Үш жағдайда қаражат Таяу Шығыстағы содырларды қолдауға бағытталған болуы мүмкін деген белгілер бар. Қазір мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен прокуратура елордада 60 адамға қатысты жүзден астам тергеу жүргізуде. Билік ақшаның алаяқтық жолмен алынған-алынбағанын тексеріп жатыр.
Қылмыстық істер бойынша шығын шамамен миллион еуроны құрайды, тінту кезінде шамамен 250 мың еуро тәркіленді.
Германияда коронавирустың таралуын болдырмау үшін Үкімет пен Федералды елдер жерлері енгізген локдаун 2 қарашадан бастап жалғасуда. Осы уақыт ішінде мейрамханалар, барлар, кафелер мен қонақ үйлер жабық күйінде қалды.