Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Елорда әуежайында есірткімен ұсталған ер адамға айыппұл салынды

НҰР-СҰЛТАН, 18 наурыз.  Өткен жылдың желтоқсан айында көлік полицейлері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының №1 терминалында «Нұр-Сұлтан-Шарм – Эль-Шейх» бағытындағы рейспен ұшып бара жатқан 38 жастағы елорда тұрғынын анықтап, ұстады, деп  Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Әуежай терминалында орналасқан шекара бекетінде тексеру кезінде азаматтың қалтасынан қағазға оралған жасыл түсті өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған зат жалпы салмағы 6,11 грамм болатын «кептірілген марихуана» есірткі заты екені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 286-бабы 1-бөлігімен, яғни, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі құралын заңсыз өткізу және ҚР ҚК 296-бабының 2-бөлігімен, яғни, есiрткi затын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді.

Тергеу барысында ер адам өз кінәсін мойындады.

Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен құқықбұзушы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 300 АЕК көлемінде 1 млн 300 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *