Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ауғанстанның Гор провинциясында жарылыста шенеунік қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 20 наурыз.  Ауғанстанның Гор провинциясының Тивере ауданының жергілікті әкімшілігінің басшысы Мұхаммед Рафик Алам бомба жарылысы салдарынан қаза тапты, деп Гор провинциясы губернаторының баспасөз хатшысы Арир Абирге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады.

Әкімшілік басшысының көлігіне бомба орнатылды, салдарынан  Алам қаза болды, әйелі мен екі баласы жарақат алды.

Әзірге оқиға үшін жауапкершілікті ешбір ұйым мойнына алған жоқ.

Ауғанстанда соңғы уақытта журналистерге, белсенділерге, дін қайраткерлеріне, шенеуніктер мен қауіпсіздік күштер өкілдерінің өміріне қол сұғушылық саны артып келеді.

Ауғанстан билігі «Талибан» қозғалысын қастандық жасады деп айыптайды, олар өз кезегінде шабуылға қатыстылығын жоққа шығарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *