Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Гуанчжоуда болған лаңкестік шабуылда бес адам қаза тапты

НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз.Қытайдың Гуанчжоу қаласындағы әкімшілік ғимараттардың бірінде лаңкестік шабуыл болды, деп хабарлайды Daily Storm.

Жергілікті тәртіп сақшыларының ақпараты бойынша, 59 жастағы террорист бомбаны өзімен бірге кеңсеге алып кіріп, оны іске қосқан. Салдарынан бес адам қаза тауып, тағы бес адам жарақат алды.

Жергілікті тұрғындар шабуылдан барлығы 16 адам қаза тарты немесе жарақат алды деп хабарлайды. Шабуыл жасаған адам сол жерде көз жұмды.

Террорист әкімшілік ғимаратта саботаж жасап, кеңселерді өртеді. Шабуыл жасаушының себептері туралы айтылмайды.

Гуанчжоу — Қытайдың оңтүстігіндегі ең ірі қалалардың бірі. Оның халқы 2016 жылы 14 миллионнан асқан. Сондай-ақ, бұл мегаполис бүкіл Қытайдағы маңызды өндірістік орталықтардың бірі болып саналады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *