НҰР-СҰЛТАН, 22 наурыз.Сирияның Расулайн ауданындағы жарылыста 9 адам жарақат ал ды, 4 қаза болды, деп TRT хабарлайды.
Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» операциясымен КЖП-дан (YPG/PKK) тазартылған Расулайн ауданында болған жарылыста 2 бала, барлығы 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, 9 адам жарақат алды.
Шанлыурфаның Джейланпынар ауданы маңындағы Сирия жерінде орналасқан Расулайн ауданында Түркия уақытымен сағат 01:00 шамасында бір жарылыс болды.
Расулайндағы аурухана қызметкерлеріне қарағанда жарылыста 2 бала, барлығы 4 бейбіт тұрғын қаза тауып, 9 адам жарақат алды.
Жаралылар аудан орталығындағы ауруханаға жеткізілді.