НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз. Француз полициясы жасаған операциямен бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға мүше 10 адам тергеуге алынды, деп TRT агенттігі жазады.
Француз баспасөзінің заң органдарына сүйенген хабарында Париж террормен күрес сот төрешісінің талабымен КЖП-на (PKK) бағытталған бір операция жасалғаны атап көрсетілді.
Француз полициясының «Террор ұйымы құру және қаржыландыру» айыбымен 1 әйел, барлығы 10 адамның тергеуге алынғаны білдірілді.
Операция барысында үйлерге басқын жасалғаны аталып, Францияның оңтүстік батысында 2020 жылы 21 ақпан күні КЖП қаржыландыру айыбымен 4 адам туралы тергеу басталғаны білдірілді.
Өткен жылы ашылған тергеумен полицияның соңғы жасаған операциясы арасында байланыс болып болмағаны қазірше белгісіз.
Аталмыш операциямен байланысты ресми түрде мәлімдеме жасалмады.