НҰР-СҰЛТАН, 02 сәуір.Бейсенбі күні Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында болған жарылыстан екі полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы провинцияның денсаулық сақтау қызметінің өкіліне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі жазады.
Бейсенбі күні таңертең аттас провинцияның орталығы Герат қаласының маңындағы полиция бақылау бекетінің жанында қолдан жасалған жарылғыш зат іске қосылды, деді ақпарат көзі. Оқиға екі тәртіп сақшысының өмірін қиды, тағы екеуі жарақат алды.
Әзірге ешкім жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.