Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

РФ ФҚҚ: Тверь облысында лаңкестік шабуылды жоспарлаған ИМ жақтаушысының көзі жойылды

НҰР-СҰЛТАН, 02 сәуір. Ресейдің ФҚҚ Тверь облысында Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының жақтаушысының отын-энергетикалық кешенінде лаңкестік әрекетінің алдын алды, ұстау кезінде лаңкес қарсылық көрсетті, нәтижесінде залалсыздандарылды. Бұл туралы ФҚҚ Қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.

 «Тверь облысында Федералды қауіпсіздік қызметі отын-энергетикалық кешен нысандарының бірінде Ресей Федерациясында тыйым салынған «Ислам мемлекеті»* халықаралық террористік ұйымының мүшесімен  жоспарлаған террористік актінің алдын алды», — деп Қоғаммен байланыс орталығында хабарлады. «Ұстау кезінде қылмыскер қарулы қарсылық көрсетіп, Ресей ФҚҚ арнайы бөлімшелерінің кері оғымен залалсыздандырылды. Қауіпсіздік қызметкерлері мен бейбіт тұрғындар зардап шеккен жоқ », — деп атап өтті ФҚҚ.

Барлау қызметінің хабарлауынша, Ресей азаматы, Орталық Азия республикалардың бірінің тумасы, террористік құрылымдар басшыларының нұсқауы бойынша әрекет етіп, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы жасау үшін қару-жарақ пен компоненттер сатып алған. Өзінің тұрғылықты жерінде ол жарылғыш заттарды жинайтын зертхананы жабдықтаған. Оқиға орнында одан атыс қаруы мен оқ-дәрілер, қолдануға дайын қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, сондай-ақ оны жасауға қажетті компоненттер алынды.

Террористік шабуыл жоспарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *