АҚТАУ, 03 сәуір. Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері 157 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 29 есірткі қылмысы тіркелген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оларға мыналар жатады: есірткі сатудың 17 фактісі; ұйымдасқан қылмыстық топтарға қатысты сатудың екі фактісі; есірткі заттарын заңдастырудың бір фактісі; есірткіні аса ірі көлемде сақтаудың бес фактісі; екі ұйым және есірткі сататын жерді ұстау фактісі; есірткіні насихаттау мен жарнамалаудың екі фактісі.
Сондай-ақ, есірткіні аз және көп мөлшерде сақтауға байланысты 128 қылмыстық заң бұзушылық анықталды.
Заңсыз айналымнан 6 келі 885 грамм түрлі есірткі заттары алынды, оның ішінде “марихуана” – 6 келі 770 грамм, “героин” – 5 грамм, “апиын” – 3,5 грамм, “мефедрон”, “альфа PVP” (синтетикалық есірткі) – 106,5 грамм.
Бұдан басқа, Ақтау қаласының қоғамдық орындарында есірткіні жарнамалау және сату жөніндегі интернет-дүкендерге сілтемелері бар 38 граффити-жазба анықталып, жойылды.
Интернет кеңістігін бақылау барысында есірткіні және олардың аналогтарын жарнамалайтын және сататын интернет-сайттар (сілтемелер) анықталды.
Жедел уәкілдер 12 профилактикалық іс-шара өткізді: сегіз дәріс және төрт кездесу. Іс-шараларда полиция есірткіге қарсы бейнематериалдар көрсетіп, студенттермен ғана емес, олардың ата-аналарымен де түсіндірме әңгімелер өткізді.