Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Наурыз айында «Күрдістан жұмысшы партиясының» 134 содыры залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 03 сәуір. «Күрдістан жұмысшы партиясына»  (КЖП/PKK/YPG)  қарсы ел көлемі мен шетелде наурыз айында жүргізілген операцияларда 134 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды. 

Күндіз-түні ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қала орталықтары мен ауылдық жерлерге қоса шетелде де террористтердің ізіне түсіп, бірнеше апта бойы операцияда жүрген қауіпсіздік күштері КЖП (YPG/PKK) террор ұйымына наурыз айында ауыр соққы енгізді.

Наурыз айында ел көлемі мен шетелдегі әуе мен құрлық операцияларында 134 террорист залалсыздандырылды.

Қанды КЖП  террор ұйымы  мен оның жастар ұжымын наурыз айында нысанаға алған террорға қарсы операцияларда тергеуге алынған 222 күдіктінің 74-і қамауға алынды. Басқа күдіктілердің тергеу жұмыстары жалғасуда.

Ішкі істер министрлігі «Эрен-2» операциясы аясында Мардинде 30 наурыз күні залалсыздандырылған 6 террорист арасында Іздеу салынған террористтер тізімінің «қызыл» категориясында орын алған PKK-ның Мардин жауаптысы Хасан Махмудиге қоса «қызғылт» категориядағы Мардин Багок аймақтық жауаптысы Теййюп Чамның бар екені білдірілді.

Ұлттық барлау ұйымы басқармасы КЖП террористік ұйымының Сириядағы бөлімі PYD/YPG-нің бригадалық командирі деп аталатын «Шейх Гуйи» лақапты террорист Ибрахим Бабатты Сирияда ұстап Түркияға әкелді.

Басқа жағынан Ішкі істер министрлігі көндіру жұмыстары нәтижесінде 1 террористің қауіпсіздік күштеріне берілгенін хабарлады.

Террористің 2014 жылы террор ұйымының қатарына қосылғаны және Сирияда жұмыс істегені анықталды.

Бұл жылдың ішінде көндіру арқылы берілген террористердің саны 40-қа жетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *