Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

ҰҚК: Республикамыздың бірнеше облыстарында «Қалқан-2021» оқу-жаттығуы басталды

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір.Ү.ж. 12 сәуірде Ұлттық қауіпсіздік органдары Шекара қызметімен қатар, Қарулы Күштердің және Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының бөлімшелері жауынгерлік (жедел-қызметтік) әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді, деп ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі хабарлайды. 

Оқу-жаттығу Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе және Атырау облыстарында өткізілуде. Негізгі тәжірибелік іс-шаралар Маңғыстау облысының шегінде жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткізілетін болады.

Оқу — жаттығудың негізгі мақсаты-жедел-қызметтік дайындық жағдайын және мақсаты бойынша міндеттерді орындау қабілетін тексеру.

Бірінші кезеңде күш-құрылымдарды тағайындалған ауданға жылдам жеткізу жүзеге асырылды. Шекарашылар мен күштік органдардың әскери қызметшілерінің тұрақты орналасу орындарынан мыңдаған шақырым қашықтықта орналасқан бұл жерлер көпшілігі үшін бейтаныс.

Қарулы Күштер мен Ұлттық ұланның бөлімшелерінен бөлінген күш-құралдар Шекара қызметінің жедел бағынысына берілді. Оқу-жаттығулар кезең-кезеңімен өткізілуде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *