Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ұлыбритания Ауғанстаннан барлық дерлік әскери контингентің әкетуге дайын

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір. Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Доминик Рааб Ауғанстанда міндет атқарған ағылшын әскерлерінің елден жүйелі түрде кетуіне қолдау беретіндерін білдірді, деп TRT жазады.

Twitter есебінен жариялаған жазбасында министр Рааб елінің бейбіт болашаққа ие тұрақты Ауғанстанға қолдау беру үшін НАТО және Ауғанстан халқының жанында екенін айтты. Рааб Ауғанстандағы ағылшын әскери жасақтарының елден жүйелі түрде шығуына қолдау беретіндерін білдірді.

Ұлыбритания Қорғаныс министрі Бен Уоллес те Ауғанстан халқының бейбіт және тұрақты болашаққа лайықты екенін білдірді. «Кері шегінген кезде Ауғанстанда қызмет еткен азаматтарымыздың қауіпсіздігі басымдығымыз болуы керек. Одақтас елдерге жасалған шабуылдарға мықты жауап берілетіні анық» деді ол.

Америка Құрама Штаттары президент Джо Байден 1 мамырда Ауғанстандағы әскерлерін толығымен әкете бастайтынын, процестің 11 қыркүйектен бұрын аяқталатынын жариялаған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *