НҰР-СҰЛТАН, 21 сәуір. Украинаның қауіпсіздік қызметі елдің көптеген аймақтарында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып REGNUM жазады.
Оқу-жаттығу кезінде Украина шекараларының және стратегиялық нысандар қорғанысы сыналады.
«Шара мақсаты — ықтимал террористік және диверсиялық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру», - делінген хабарламада.
Украина қауіпсіздік қызметінің баспасөз орталығы кейбір аудандарда ерекше режим енгізілуі мүмкін, жаяу жүргіншілер мен көлік құралдарының қозғалысына тыйым салынуы мүмкін, қауіпсіздік қызметкерлері көліктерді тексеріп, құжаттарды тексеруі мүмкін деп ескертті.