Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Нұр-Сұлтанда экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық конференция өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір.Нұр-Сұлтан қаласы ҚАЖ комитетінде халықаралық конференция өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы 22 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен және БҰҰ-ның Қазақстандағы Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп ұйымдастырған “Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жүйесіндегі қылмыстық саясат” тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ, “Нұр-Мүбарак” Египет ислам мәдениеті университеті, ҰҚК Академиясы, ҚР ЖС жанындағы Сот төрелігі академиясы, БП жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы, ІІМ ведомстволық оқу орындары) өкілдері, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі, АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісінің орынбасары, үкіметтік емес ұйымдар, ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысты.

Экстремизм және терроризммен байланысты проблемалар тек Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін өзекті болып табылады. Бұған шыққан елдеріне оралатын немесе басқа мемлекеттерге көшетін террористік топтармен байланысты адамдардың үлкен ағымы себеп.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мен БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы АҚШ Мемлекеттік департаментінің терроризмге қарсы бюросының қаржылық қолдауымен “шет елдердегі қарулы қақтығыстарға және соғыс қимылдарына қатысқан сотталғандармен жұмыс жөніндегі бірлескен бағдарламаны” жүзеге асырып жатқанын атап өткен жөн. Бұл бағдарлама қарулы қақтығыстар аумағынан қайтарылған шетелдік террорист-содырлармен жұмысты ұйымдастыруға жәрдемдесуге және терроризмді насихаттау үшін экстремистік идеологияның пенитенциарлық мекемелерде таралу қаупін азайтуға бағытталған.

Іс-шарада экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері, Қазақстан Республикасында, оның ішінде халықаралық тәжірибе тұрғысынан өзекті мәселелер мен қабылданып жатқан кешенді алдын алу шаралары қаралып, талқыланды. Өз кезегінде, ҚР ІІМ ҚАЖ комитеті пенитенциарлық жүйе мекемелерінде жазасын өтеп жатқан экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстар үшін сотталғандарды оңалтудың тиімділігін арттыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *