НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір. ФҚҚ қызметкерлері экстремистік әрекетке жария түрде шақырды деген күдікпен Қырымда Алуштаның тұрғынын ұстады, деп аймақтағы ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС жазады.
«1984 жылы туған Алушта қаласының тұрғыны Интернеттегі өз парақшаларына ұлттық белгілері бойынша адамдарға қатысты зорлық-зомбылық жасауға шақырған материалдар орналастырғаны анықталды», — делінген хабарламада.
Қылмыстық іс «Экстремистік әрекетке жария түрде шақыру» бабы бойынша қозғалған, оның санкциялары бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.