Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Түркістан полицейлері бір аптада марихуана сатқан 2 күдікті ұстады

ТҮРКІСТАН, 25 сәуір. Түркістан полицейлері есірткі қылмысы бойынша 3 бірдей күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бір апта ішінде есірткі қылмысы бойынша 3 бірдей күдіктіні құрықтады.

Оның екеуі есірткіні сатса, үшіншісі есірткіні үйінде сақтаған.

Нақтырақ айтар болсақ, Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірінің есірткіні заңсыз өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті.

Хабарламада күдіктінің Сарыағаш ауданы тұрғындарының біріне марихуана сатқаны айтылған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК 297-бабы бойынша тіркеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер есірткі сату қылмысына күдікті ретінде Сарыағаш қаласының бұрын сотты болған тұрғынын қолға түсірді.

Жедел уәкілдер ұсталған адамның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде үйінің ауласында орналасқан қорадан қағазға оралған есірткіге ұқсас затты тауып алып, тәркіледі.

Сараптамаға сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 4 грамға жуық марихуана болып шықты.

Бірер күн өткеннен соң дәл осындай есірткіге байланысты бірнеше жайт облыста тіркелді.

Мәселен Бәйдібек ауданында өз үйінде 3 келіден астам марихуана сақтаған, ал Сайрам ауданында марихуана сатқан ер азамат ұсталды.

Оның да тұрғылықты мекенжайынан 2 грамнан астам марихуана тәркіленді. Осы аталған 3 жайт бойынша күдіктілер қамауға алынды.

Бәйдібектік күдіктіге қатысты ҚР ҚК 296-бабы бойынша, ал Сайрамда ұсталған күдіктіге қатысты ҚР ҚК 297-бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері есірткінің заңсыз айналымы мен таралуына байланысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *