НҰР-СҰЛТАН, 01 мамыр. Ингушетияның тәртіп сақшылары граната атқыштан, снарядтардан, гранаталар мен атыс қаруынан тұратын оқ-дәрі қоймасын тапты, деп аймақтағы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Ресей Ішкі істер министрлігінің «Сунженский» Муниципалды аралық бөлімшесінің офицерлері Нестеровское ауылдық елді мекенінің жанындағы орманда РПГ-18 граната атқыш, екі Ф-1 гранатасы (сақтандырғышсыз), ВОГ-25 снаряды, 5,45 мм калибрлі АК-74-ке арналған оқталған оқжатары және 5,45 мм калибрлі 179 патроннан тұратын қойманы тапты», — делінген хабарламада.
Қауіпсіздік мақсатында РПГ-18 гранатаатқышы мен ВОГ-25 снарядын сол жерде Ингушетия бойынша Росгвардия басқармасының ОМОН инженерлік-техникалық тобының қызметкерлері үстеме зарядпен жойды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.