Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирияның Арфин ауданында шабуыл салдарынан 1 бала қаза болды

НҰР-СҰЛТАН, 02 мамыр.  Сирияның Африн ауданында бейбіт тұрғындарды нысанаға алған Күрдістан жұмысшы папртиясы  террор ұйымы (PKK/YPG)  шабуылында 1 бала қаза тауып, 2 адам жараланды, деп TRT хабарлайды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің әлеуметтік аккаунтынан жасалған хабарламада КЖП-ның террористері егістікте жұмыс істейтін бейбіт адамдарды нысанаға алғаны білдірілді.

Афринде егістіктер орын алған аймаққа 8 снаряд оғы атқан террористтер бір ана мен балаға қоса бір диқанды жаралады.

Жаралы бала қаза тапты, аймақтағы террор нысаналары атқыланды. Хабарламада снаряд оқтары мен зымырандар құлаған сәттің бейне көріністеріне де орын берілді.

Басқа жағынан Сирияда КЖП  террористтері сексуалды шабуыл жасаған кезде 17 жасар қызды бейне көрініске түсірді және туыс-тамырларына көрсетумен қорқытып, оны жанкешті бомба болуға мәжбүрледі.

КЖП (YPG/PKK)  басқынгшылығындағы Манбидж ауданында өмір сүрген раккалық 17 жасар қыз Афринде қауіпсіздік күштері тарапынан ұсталып тергеуге алынды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *