НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда үш есірткі зертханасы анықталғанын айтты, деп zakon.kz жазады.
Әкім бизнесмендерге жүгініп, билбордтарға орналастыру үшін қабылданатын тапсырыстарға назар аударуды сұрады.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды мәселелерінің бірі — есірткінің таралуына қарсы күрес. Жыл басынан бері үш есірткі зертханасы анықталды, қылмыстық топтардың 13 мүшесі қамауға алынды, 15 кг түрлі есірткі түрлері тәркіленді, — деді ол «Алматы» телеарнасындағы тікелей эфир кезінде.