Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қарағандыда ірі көлемде есірткі сатпақ болған ер адам қолға түсті

ҚАРАҒАНДЫ, 13 мамыр. Қарағандыда есірткі сатушы 10 жылға сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 мамырда Қарағанды қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, облыстық  ПД есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемде есірткі сатпақ болған адамды ұстады. Республиканың оңтүстік облыстарының бірінің  36 жастағы тұрғыны ұсталды.

– Тінту кезінде жол сөмкесінен есірткі заты табылды. Сарапшылар қорытындысы бойынша сөмкеде болған салмағы жеті келі “гашиш”. Күдікті есірткіні сату үшін Қарағандыға алып келген, – деді Қарағанды облысының ПД бастығы Ерлан Файзуллин.

Аталған факт бойынша ұсталған азаматқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *