НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында жол жиегіндегі мина жарылысы салдарынан тоғыз адам, оның ішінде әйелдер мен балалар қаза тапты, деп Tolo News- ке сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
Телеарнаның хабарлауынша, жарылыс сейсенбі күні таңертең Лашкаргах қаласында болды.
Хабарланғандай, адамдар келе жатқан көлік жол жиегіндегі минаға жарылған.
«Жарылыс кезінде тағы екі бала жарақат алды», — деп телеарнаға дереккөз мәлім етті.
Осы уақытқа дейін бірде-бір топ жарылыс үшін жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.