Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Террорлық ұйымдар балаларды содырлар ретінде қолдануда

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр.  Террорлық YPG/PKK ұйымының Сирияда балаларды жауынгер ретінде қолданғаны тағы бір рет дәлелденді, деп TRT жазады. 

БҰҰ 2018 жылдың шілде айы мен 2020 жылдың маусым айлары арасында Сирияда балалардың жағдайы жөнінде есеп жариялады.  Осы есепке қарағанда террорлық ұйым балаларды жауынгер, мектептерді де оқ-дәрі қоймасы ретінде қолдануын жалғастыруда.

Сирияда аталған мерзімде 400-ден астам бала террорлық ұйым тарапынан террорлық лаңкестіктерде қолданылды.  Қарулы топтар балаларды алып қашыру, жыныстық қиянат, соғыстыру секілді 4700-ден астам заңсыздық жасады.

Аталған мерзімде 2700-ден астам бала түрлі қақтығыс, шабуыл және бомбалауда қаза тапты немесе мүгедек болып қалды. 1423 бала жүйелі түрде қарулы топтар тарапынан қолданылды. Бұлардың 117-сі қыз балалар. 1388 бала қақтығыстарға қатысты. Осылардың арасынан 250 баланың жасы 15 жастан кіші.

YPG террорлық ұйымы 318 баланы, ұйымның әйелдер қанаты болса 99 баланы соғыстырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *