НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр. Америка барлау қызметі де іздеу салған, террорлық ұйым ДАИШ-тің бомба маманы Мұстафа Абдулвахап Софи Махмут Стамбулда ұсталды, деп TRT хабарлайды.
Софи Махмут 1999 жылы Мысырда туылған. Сирияда ДАИШ террорлық ұйымына қосылған. Осында жарылғыштар және қолдан жасалған жарылғыштар тақырыбында маманданған.
Террорлық ұйымның басқа елдердегі шабуылдарында қолданылатын бомбаларды дайындаған маңызды террорист болды. Сириядан шыққаннан кейін Мысырға барды, артынан Түркияға келді. Интернет арқылы ДАИШ террористтеріне бомба жасау және химия сабақтарын өткізді.
Күдіктіні Америка барлау қызметі де іздеп жүрген болатын.
Стамбул Бас прокуратурасының тергеуі нәтижесінде операция жүргізілді. Күдікті қасындағы үш кісімен бірге Стамбулда ұсталды.