Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Жыл басынан бері Түркияның қауіпсіздік күштерімен 1,1 мыңнан астам террорист залалсыздандырылды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр.   Ел көлемі мен шекаралық аймақтарда 1 қаңтар күнінен бері 1 мың 162 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігі (ҰҚМ) мағлұматтарына қарағанда барлық террористік ұйымдармен күрес ел көлемі мен шетелде жалғасуда.

23 сәуір күні басталған және Ирактың солтүстігіндегі Метина мен Авашин-Басян аймақтарында террор ұйымы PKK-ға қарсы жүргізілген «Пенче-Шимшек» және «Пенче-Йылдырым» операциялары жоспарлы түрде сәттілікпен жалғасуда.

Бүгінге дейін 1-і басшылық кадрынан, барлығы 142 террорист залалсыздандырылып, 57 үңгір, 110 баспана, 398 мина жойылды.

Соңғы кездері модельдік ұшақ пен дронды шабуылдармен байланысты барлық сақтық шаралары қабылдануда. Осы аяда 2021 жылы 25 мамыр күні шабуыл мақсатты ұшырылған орны анықталған модельдік бір ұшақты басқарған 1 террористтің жойылғаны білдірілді.

Жаңа жылдан бері заңсыз түрде ел шекараларынан өтуге әрекет жасаған барлығы 62 мың 296 шетелдік тергеуге алынды. Олардың 5 мың 869-ы мамыр айында қолға түсті. Мамыр айында тағы 11 мың 284 заңсыз мигрант шекарадан өтпей тұрып тоқтатылды. Шекарадан өтуге әрекет жасағандардың ішінде араларында 52-сі Фетуллахшы террор ұйымы мүшесі бар 138 террорист ұсталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *