Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Қазақ-өзбек шекарасынан есірткі алып өтпек болған жігіт ұсталды

ТҮРКІСТАН, 31 мамыр. Түркістан полицейлері Ротар қызметтік итінің көмегімен шекарадан есірткі алып өтпек болған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Сарыағаш аудандық басқармасының Қапланбек шекара бақылау бекетінен хабарлама келіп түскен. Онда түнгі сағат 23:00 шамасында Ротар атты қызметік ит ҚР-нан Өзбекстан Республикасына жаяу өтіп бара жатқан жүргіншіге үріп белгі берген. Содан полицейлер күдік тудырған азаматты байқап тексереді. Тексеру барысында оның қалтасынан есірткіге ұқсас зат табылды. Айғақ ретінде алынған затты полицейлер сараптамаға жіберді. Нәтижесінде үш грамға жуық марихуана екендігі белгілі болды.

Осы оқиға бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 286-бабы (Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы) бойынша СДТТБТ-ға тіркеді. Күдікті ретінде танылған орта жастағы азамат Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат қолхатта.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз тасымалдағанға қатаң жаза көзделгенін ескертеді. Тәртіп сақшылары шекарадан өтпек болған тұрғындарға есірткіге байланысты құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақырады. Егер де сіз есірткі құралдарын сақтау және заңсыз айналымы туралы қандай да бір ақпаратты білсеңіз, тез арада полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *