НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Битлисте «Күрдістан жұмысшы партиясы» (КЖП) бөлшектеуші террор ұйымына бағытталған операцияда 1 әскер мен 1 қауіпсіздік қызметкері шейіт болды, 4 әскер жарақат алды, деп TRT хабарлайды.
Битлис уәлаятынан жасалған жазбаша мәлімдемеде «Қақтығыс аймағынан қашқан бөлшектеуші террор ұйымы мүшелерін залалсыздандыру үшін операция ұйымдастырылды» делінді.
Мәлімдемеде қауіпсіздік күштерінің аймақ халқының қолдауымен азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатымен провинция көлемінде операциялардың табанды түрде жалғасқаны да білдірілді.