НҰР-СҰЛТАН, 02 маусым. Иркутск облысындағы Братск қаласындағы 29 балабақшаға жарылыс қаупі туралы хабарлама келіп түсті, барлық балалар эвакуацияланды. Бұл туралы сәрсенбі күні қала әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
«29 балабақша. Хабарлама [миналау туралы] келді. Төтенше жағдайлар министрлігі, қауіпсіздік күштері жұмыс жасауда. Барлық балалар жақын маңдағы мектептерге эвакуацияланды. Ешкім де зардап шеккен жоқ. Сонымен қатар, басқа балабақшаларға кіруге шектеулер қою туралы өкім шығарылды, сондай-ақ адамдардың сауықтыру лагерьлеріне баруына шектеу қойылды», — деді агенттік дереккөзі.
Балабақшаларға хаттар электронды пошта арқылы келіп түсті. Меңгерушілер оларды көріп оқыды.
Эвакуацияланған оқушылар тамақпен қамтамасыз етіледі. Білім беру мекемелерінің жұмысын жеңілдету үшін ата-аналардан мүмкіндігінше балаларын үйіне алып кетуін сұрайды. Қалған балабақшалар жұмысын жалғастыруда.