НҰР-СҰЛТАН, 04 маусым.Сәрсенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Джаузджан провинциясының Акча аймағында «Талибан» қозғалысы содырларының баспаналарына жасалған әуе шабуылы кезінде 18 содыр, соның ішінде Кари Мубин командир өлтірілді.Бұл туралы бейсенбі күні солтүстік аймақ армиясының өкілі Мохаммад Ханиф Резай мәлімдеді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі .
Оның хабарлауынша, әскери ұшақтар, барлау деректері негізінде, сәрсенбі күні түстен кейін Акча аймағында тәліптердің баспанасына шабуыл жасады. Нәтижесінде 18 содыр, оның ішінде К.Мубин өлтірілді, тағы жетеуі жараланды.
«Талибан» қозғалысы бұл ақпаратқа әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ. Тәліптер 1 мамырда АҚШ бастаған коалиция күштері Ауғанстаннан шығарала бастағаннан кейін белсенділіктерін арттырды.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым