НҰР-СҰЛТАН, 04 маусым. Нигерияның Кадуна және Кацина провинцияларында қарулы шабуыл жасалды, деп TRT хабарлайды.
Нигерияның Кадуна және Кацина провинцияларында жасалған қарулы шабуылдарда 11 адам қаза тапты.
Кадуна Мемлекеттік ішкі қауіпсіздік және ішкі істер комиссары Самуэль Аруван жазбаша мәлімдемесінде куәлігі әлі анықталмаған қарулы топтың провинцияның Госка аймағына шабуылдағанын мәлімдеді.
Аруван шабуылда 4 адамның қаза тауып, көптеген адамның жараланғанын білдірді.
Кацина провинциясына қарасты Зандам ауылына жасалған шабуылда болса 1 полиция қызметкері, барлығы 7 адам қаза тапты.