НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Красноярск өлкесіндегі Лесосібір мешітінің имамы терроризмге жәрдемдескені үшін алты жылға сотталды, деп ФҚҚ аймақтық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«Лесосібір мешітінің имам-хатибі М.Х.Мухаметшинге қатысты сот үкімі заңды күшіне енді. Бірінші Шығыс округтік әскери сотының шешімімен Марат Мухаметшин алты жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді», — делінген хабарламада.
Ведомствода имам дінді, мұсылман дәстүрлерін және араб тілін үйрену сабақтарында Красноярск өлкесінің тұрғындарын террористік қылмыстар жасауға және экстремистік материалдарды таратуға итермелегенін атап өтті.