Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сомалидегі жарылыс нәтижесінде «Аш-Шабабтың» кем дегенде 60 мүшесі өлді

НҰР-СҰЛТАН, 09 маусым. Сомалидегі «Аш-Шабаб» террористері тұрған тұрғын үйдегі жарылыс радикалды ұйымның кем дегенде 60 мүшесінің өліміне себеп болды, деп Анадолу агенттігіне сілтеме жасап ТҚК РҚБ ресми сайты хабарлайды.  

Әскери шенеуніктер Сомали армиясының SNA радиосына хабарлағандай, жарылыс Төменгі Шабелле ауданындағы  Ала Футов елді мекенінде «Аль-Шабаб» террористтері жарылғыш заттар дайындаған үйде болды.

Жарылғыш заттар жасауға арналған материалдар сақталған 11 бөлмелі ғимараттағы жарылыс сонымен қатар сол маңда тұратын әйел мен баланың өмірін қиды.

Әскери шенеуніктердің айтуынша, өлген 6 шетелдік содырлардың бірі Ауғанстаннан келген Ахмед Шариф болған.

Бұған дейін Сомали армиясы соңғы үш аптадағы терроризмге қарсы операция кезінде «Аш-Шабаб» террористік ұйымының 100-ден астам мүшесі залалсыздандырылды деп хабарлады.

«Аш-Шабаб» ұйым Сомалидегі қауіпсіздік күштері мен бейбіт тұрғындарға жиі шабуыл жасайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *