ПЕТРОПАВЛ, 10 маусым. Солтүстік Қазақстан облысында Қызылжар ауданының тұрғынынан 5 кг жуық марихуана табылып, тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қызылжар ауданының 40 жастағы тұрғыны Петропавл қаласына келген. Полицейлер оның «Subaru Legacy» автокөлігінің жүксалғышынан өзіне тән ерекше иісі бар өсімдіктектес зат салынған, скотчпен оралған полимерлі пакетті тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол 4 кг 960 гр кептірілген марихуана екені анықталды. Бұл – аса ірі көлемге жатады.
Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.