Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Әлеуметтік желілерде экстремистік материалдар таратқаны үшін Түркістан облысының 4 тұрғыны ұсталды

ТҮРКІСТАН, 15 маусым. Түркістанда әлеуметтік желілер арқылы діни экстремизмді насихаттаған күдіктілер қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері Facebook және Twitter пайдаланушылары парақшаларында деструктивті-діни ағымның идеологиясын насихаттайтын экстремистік сипаттағы бейнероликтер мен басқа да материалдарды орналастыру деректерін анықтады.

Аталған жайт СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 405-бабы 2-бөлігі (Қоғамдық немесе діни бірлестіктің не өзге де ұйымның қызметіне олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты олардың қызметіне тыйым салу немесе жою туралы сот шешімінен кейін қатысу және ұйымдастыру) және 256-бап 2-бөлігі (Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру) бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер экстремистік материалдардың таралуына қатысты күдікті ретінде Түркістан облысының төрт тұрғынын ұстады. Сотқа дейінгі жинақталған іс-құжаттары айыптау актісімен бірге сотқа жолданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *