АТЫРАУ, 18 маусым. Есірткі сайттарын жарнамалаған атыраулық жасөспірімдер қылмыс үстінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
17 маусым күні таңғы сағат 5:00 шамасында Патрульдік полиция қызметкері Тұрғындар қалашығы шағын ауданында белгісіз екі жігіттің қабырғаға баллонды бояу арқылы жазба салып жатқандығын байқайды. Мәселенің мән-жайын анықтаған полицейлер олардың кәмелет жасқа толмағандықтарын анықтады.
Ал қабырғаға салған жазбалары есірткі сайттарының атаулары екендігі дәлелденді. Және де жасөспірімдердің осындай жазбаны қаланың бірнеше ауданында да жазғандығы олардың ұялы телефонындағы фотосуреттер арқылы белгілі болды.
Қазіргі уақытта аталған жасөспірімдердің қылмысы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Ал, түнгі уақытта балаларын қараусыз жіберген ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 442-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.