Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Алматыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

АЛМАТЫ, 22 маусым. 22 маусым күні Алматының Алмалы ауданы Клочков көшесінде таңғы сағат 10:00-ден түскі сағат 13:00-ге дейін жоспарланған антитеррорлық оқу-жаттығу өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқу-жаттығудың басты мақсаты – адам көп жиналған жерде террорлық қауіп төнген жағдайда өзара іс-әрекет дағдысын жетілдіру.

Оқу міндеттері террористік көзқарасқа осал нысандардағы терроризм актісінің жолын кесу механизмін дамытуға бағытталған.

Хабарланғандай, оқу-жаттығу кезінде жүріс-тұрысты шектеу шаралары қарастырылады.

Сол себепті қаланың терроризмге қарсы жедел штабы тұрғындардан атқарылып жатқан амалдарға түсіністікпен қарап, қауіпсіздік ережелерін сақтап, жаттығуға қатысатын мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұрайды.

Сондай-ақ, ҚР ӘҚбК 443 бабына сәйкес, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескеру қажет.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *