Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Сирия бойынша кезекті кездесу 7-8 шілдеде Нұр-Сұлтанда өтеді

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым. 7-8 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі 16-шы халықаралық кездесу өтеді, деп  Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Kazakhstan хабарлайды.

«Алдағы кездесуде кепілгер елдер — Иран, Ресей және Түркия, сондай-ақ Сирияның үкіметі мен қарулы оппозициясы өкілдерінің қатысуы жоспарлануда. Бақылаушылар ретінде БҰҰ, Иордания, Ирақ пен Ливанның жоғары деңгейдегі өкілдері қатысады», — делінген хабарламада.

 

Келіссөздердің күн тәртібіне келесі мәселелер кіреді: Сириядағы, оның ішінде әлеуметтік-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық ахуал; Сирияға халықаралық ізгілік көмек көрсету; Женевадағы сириялық конституциялық комитет жұмысының жандану перспективалары; тараптар арасындағы сенімді нығайту, оның ішінде тұтқындармен алмасу, кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу.

Келіссөздердің бірінші күні екіжақты және кепілгер елдердің үшжақты консультацияларын, сириялық тараптармен келіссөздер, бақылаушы тараптардың делегацияларымен байланыстар, ал екінші күні консультацияларды жалғастыру және жалпы отырыс өткізу жоспарлануда.

Сонымен қатар кепілгер елдердің, БҰҰ және Халықаралық қызыл крест комитеті сарапшыларының қатысуымен мәжбүрлеп ұсталып отырған тұлғалар бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы жоспарлануда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *