НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. Сәуір айында Омбы қаласында «Таблиғи Джамаат» * халықаралық экстремистік ұйымына мүшелік үшін ұсталған сегіз шетелдіктің төртеуі Қырғызстан мен Қазақстанға депортацияланды. Қалғандары қылмыстық іс бойынша куәгер ретінде Ресей Федерациясында қалады. Бұл туралы ФҚҚ Омбы облыстық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
2 сәуірде Омбы облысы бойынша ФҚҚБ-ның баспасөз қызметі Омбыдағы жергілікті «Таблиғи Джамаат» ұяшығының 11 мүшесінің қамауға алынғаны туралы хабарлады . Ресейдің үш азаматына қатысты экстремистік бірлестіктің іс-әрекетің ұйымдастыру және оған қатысу бойынша Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 282.2 бабының 1-2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.Ресей Федерациясының азаматтары болып табылмайтын қалған ұяшық мүшелері елден шығарылуы керек.
«Бұған дейін Омбы облысы бойынша Ресейдің ФҚҚБ қызметкерлерімен ұсталған, «Таблиғи Джамаат» экстремистік ұйымының мүшелерінің қөзқарастарын қолдайтын шетелдік азаматтар шыққан елдеріне депортацияланды», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Депортациялау туралы шешімді сот қабылдағаны нақтыланды. Жалпы, ұсталған сегіз шетелдіктің төртеуі Қазақстан мен Қырғызстанға шығарылды. Қалғандары іс бойынша куәгерлер ретінде өтеді.
Ресей Федерациясы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы 7 мамырдағы шешімімен «Таблиғи Джамаат» діни бірлестігі экстремистік деп танылды. Ресей аумағында оның қызметіне тыйым салынған.
* Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым