Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

БҰҰ: 2020 жылы Ауғаныстанда 2,6 мыңнан астам бала қаза болып не жарақат алған

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым.  Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Ауғанстанда соғыс кезінде қайтыс болған не жарақат алған балалар санының көбейіп жатқанына алаңдайды.Бұл туралы centralasian.org  жазады.

Ұйымның 22 маусымда жариялаған «Балалар және қарулы жанжалдар» атты баяндамасында 2020 жылы Ауғанстанда 760 бала қаза тауып, 1859-ы жарақат алғаны жазылған. Олардың ішінен 1 098 жеткіншек тәлібтердің не басқа көтерілісшілердің қолынан оққа ұшып немесе жараланған болса, 962 бала үкімет әскеріненің қолынан ажал құшқан не зардап шеккен.

«Жасы кәмелетке толмаған балалар соғыста пайдаланылып, сексуалдық зорлық көріп келеді», — деп жазылған баяндамада.

Былтыр желтоқсанның аяғында 164 ер бала және бір қыз реабилитация орталығына жіберілген. Бұдан бөлек 318 бала (көбі ауған азаматы емес) соғысқа қатысып жатқан топтарға байланысы бар деген айыппен қамалған аналарымен бірге түрмеде отыр.

Баяндамадағы мәліметке сәйкес, 2020 жылы әлемдегі 21 қарулы жанжалда 19 мыңнан астам бала түрлі зорлық-зомбылық құрбаны болған. Мұндай жағдайлардың көбі Ауғанстан, Конго демократиялық республикасы, Сомали, Сирия және Йеменде тіркелген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *