НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Сомалиде «Аш-Шабаб» террорлық ұйымының лаңкестігінде кемінде жиырма бейбіт тұрғын қаза тапты, деп TRT хабарлайды.
Галмудуг аймағы полиция бастығының орынбасары Мұхаммед Махмут жанкешті оқиғасынан артынан террористтер төңірекке оқ жаудырғанын айтты. Оқиғада кемінде жиырма адам қаза тапты.
Террорлық ұйым лаңкестікте кемінде 34 әскер қаза тапты деп алға тартты.
Террорлық ұйым елде жиі-жиі лаңкестіктер жасап, қауіпсіздік күштері мен елді мекендерге шабуылдауда.
Кейінге қалдырылған сайлауға дайындалып жатқан Сомалиде Аш-Шабаб террорлық ұйымына қарсы операциялар жалғасуда. Соңғы күнде ұйымның 300-ге тарта мүшесі залалсыздандырылды.