Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

АҚШ Мемхатшысы: Әскерлер шығарылғаннан кейін де Ауғанстанның қауіпсіздік күштеріне көмек көрсетуді жалғастырамыз

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым.  Америка Құрама Штаттары өз әскерлерін шығарғаннан кейін, серіктестерімен Ауғанстанға экономикалық және гуманитарлық қолдау көрсету және оның қауіпсіздік күштеріне көмек көрсету бойынша жұмысты жалғастырады. Бұл туралы Италияның Ұлттық Телерадиокорпорациясына берген сұхбатында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мәлімдеді, стенограмманы сейсенбі күні Мемлекеттік департамент таратты, деп ТАСС хабарлайды .

«Біз өз әскерлерімізді Ауғанстаннан шығарамыз, бірақ біз Ауғанстаннан кетпейміз. Біз серіктестерімізбен бірге Ауғанстанға экономикалық, гуманитарлық көмек көрсету,  олардың дамуына жәрдемдесу, олардың қауіпсіздік күштерін қолдау арқылы дипломатиялық жұмысты жалғастырамыз.  Біз сол жақта белгілі себептермен болдық, менің ойымша, біз мақсатымызға қол жеткіздік, және бір сәтте Ауғанстан біздің табанды қолдауымызбен өзінің болашағын табуы керек»,-деп атап өтті американдық дипломатия басшысы.

 Ол американдық әскерлер Ауғанстанда 20 жыл бойы болғанын және АҚШ әскери науқанға шамамен 1 триллион доллар жұмсағанын еске сала кетті.

АҚШ президенті Джо Байден 14 сәуірде Ауғанстаннан АҚШ әскерін шығаруды бастап, оны 11 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарын жариялаған. Бұл шешім Вашингтонның өз әскерлерін 2021 жылдың 1 мамырына дейін қайтару туралы міндеттемелерінен ерекшеленеді, олар өткен жылдын ақпанында Дохада өткен АҚШ әкімшілігі мен «Талибан» радикалды қозғалысының  (ҚР-да тыйым салынған) қол жеткізген келісімде бекітілген.

Ауғанстандағы операция 2001 жылдың қазан айында басталып, Америка тарихындағы ең ұзақ операция болды. 2010-2013 жылдары АҚШ әскерлері мен олардың одақтастарының саны 150 мың адамнан асты. Негізгі әскери бөлімдер 2014 жылы шығарылды. Пентагонның мәліметтері бойынша, сәуір айының соңында Ауғанстанда 2,5 мың американдық сарбаздар мен офицерлер болған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *