НҰР-СҰЛТАН, 01 шілде. Конго Демократиялық Республикасының шекарасына жақын орналасқан Орталық Африка Республикасының (ЦАР) оңтүстігіндегі Алиндао қаласының маңындағы әскери бөлімдерге содырлардың жасалған шабуылынан кем дегенде жеті адам қаза тапты. Бұл туралы Agence France-Presse (AFP) сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.
«Көтерілісшілердің ең ірі топтарының бірі – «Орталық Африка Республикасындағы бейбітшілік одағы» содырлары Алиндаодағы бақылау бекеттері мен үкіметтік күштердің лагерьлеріне бір уақытта бірнеше рет шабуыл жасады, — деді Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Африка Республикасындағы көпсалалы тұрақтандыру миссиясының (MINUSCA) өкілі Абдулазиз Фалла. –Қақтығыстар жеті адамның өмірін қиды».
МИНУСКА өкілі болған қақтығыстардың егжей-тегжейін келтірмеді және келтірілген шығындардың қай тараптан тіркелгенін көрсетпеді.