НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. Нигерияда террорлық ұйым Боко Харамға қарсы операцияларда 73 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.
Нигерия армиясының медиа операциялары басшысы генерал Бенард Ониеку 18-30 маусым күндерінде армияның түрлі операциялар жүргізгенін білдірді.
«Боко Харамға» қарсы операцияларда 73 террорист залалсыздандырылды. Ұйымға тиесілі қарулар, көліктер және маңызды оқ-дәрі де тәркіленді. Ониеку операция барысында террористтердің қолындағы 55 адамның құтқарылғанын, олардың 27-сінің балалар екенін айтты.