НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде . Сириядан келген 23 ресейлік баласы бар ұшақ Мәскеу облысына қонды, деп хабарлайды РИА Новости .
Ең кішкентай бала 1 жаста.
Қажетті медициналық тексерулерден өтіп, міндетті карантин кезеңі сақталғаннан кейін балалар жақын туыстарына тапсырылады.
Ирак пен Сирия аумағындағы Ресей Федерациясының кәмелетке толмаған азаматтарын анықтау мен олардың отанына қайтару жұмыстары 2017 жылдың жазында басталды. Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыстар аймақтарынан Ресейге барлығы 300-ден астам бала қайтарылды.