Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Ресейдің ФҚҚ «Хизб-ут-Тахрирдің» төрт ұяшығын талқандады

НҰР-СҰЛТАН, 08 шілде.  Маусым айының соңында-шілде айының басында Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) қызметкерлері Ресейде тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир аль-Ислами» террористік ұйымының төрт ұяшығын бейтараптандырды, деп хабарлайды РИА Новости.

Қауіпсіздік қызметкерлері ұйымның төрт басшысы мен 11 белсенді мүшесін  ұстады. Олардың арасында ресейліктер мен Орта Азия елдері тумалары бар.

ФҚҚ мәліметінше, ұсталғандар шетелдік эмиссарлардың нұсқауымен Ресейде террористік идеологияны таратып келген, жергілікті мұсылмандар мен еңбек мигранттарын жалдаған.

Ұсталғандардың тұрғылықты жерлерінен Ресейде тыйым салынған үгіт материалдары табылды. Қылмыстық істер қозғалды.

«Ислам азаттық партиясы» ( «Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами» * ) әлемнің бірнеше елдерінде террористік деп танылды. Ресейде 2003 жылдан бастап Жоғарғы Сотының шешімімен оның қызметіне тыйым салынды. Ұйымның мақсаты – мұсылман емес үкіметтерді жойып «Дүниежүзілік ислам халифатын» құру арқылы дүниежүзілік масштабта исламдық басқаруды орнату.

«Хизб-ут-Тахрир аль-Ислами» * мүшелері Ресейдің әр аймақтарында, негізінен Орталық Ресейдің, Поволжье мен Сібірдің ірі қалаларында, сондай-ақ Қырымда үнемі ұсталады.

* Қазақстан Республикасында тыйым салынған террористік топ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *