Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030

Атырау облысында бопсалаумен айналысқан деструктивті діни ағым жақтаушылары ұсталды 

АТЫРАУ, 13 шілде. 2021 жылғы 5 шілдеде ҰҚК Атырау облысы бойынша департаменті прокуратурамен және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, спорттық орта өкілдері мен деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 

Топқа қатысушылар ұзақ уақыт бойы бағдарлық такси жүргізушілерінен («Атырау-Орал-Атырау»), оның ішінде дене күшін қолданумен қорқытып, ақшалай қаражат бопсалауды жүзеге асырған.

ҰҚТ-ның 4 белсенді қатысушысы ұсталды. Фигуранттардың және олардың жақын байланыстарының тұрғылықты жерлерінен 3 бірлік әртүрлі қару мен оларға оқ-дәрілер, сондай-ақ олардың қылмыстық әрекеттерін растайтын құжаттық материалдар (чектер, журналдар, банк карточкалары) табылып, алынды.

Осы факт бойынша ҚР ҚК 194-бабының 2-бөлігі (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Топ жетекшісі тергеу изоляторына қамалды, қалғандары ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алды.

Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *