НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде.Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Дасу су бөгеті жұмысшылары мінген автобус жарылды, деп TRT хабарлайды.
Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында бір автобус маңында жарылыс болып, алғашқы мағлұматтарға қарағанда 2 әскер, 4 шетелдік барлығы 10 адам қаза тапты.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша Жоғарғы Кохистан аймағында салынып жатқан Дасу су бөгетіндегі жұмысшылар мінген автобустың маңында жарылыс болды.
Алғашқы мағлұматтарға қарағанда жарылыс салдарынан 2 әскер, 4 шетелдік, барлығы 10 адам қаза тауып, 39 адам жарақат алды.
Оқиға кезінде опат болған шетелдіктердің су бөгетті құрылысында жұмыс істейтін қытай инженерлер екені айтылды.
Жарылыс туралы тергеу ашылғаны білдірілді.