Біліп жүріңіз: заттың сыртқы түрі оның шынайы жайын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттарды жасыру үшін кәдімгі тұрмыстық заттарды пайдаланады: дорбалар, пакеттер, қорабтар, ойыншықтар және т.с.с.
Табылған заттың жарылғыш екенін күәландыратын белгілер:
1) көліктің, пәтердің жанында, сатыда жане т.б. жерлерде белгісіз оралған заттың табылуы;
2) бөтен биреудің дорбасы, портфелі, қорабы, қандай да бір зат; табылған заттың көліктің нее пәтердің есігінің жанында, кіреберісте ерекше орналасуы;
3) тартылған сым, бау, заттың сыртынан көрінетің оқшаулаушы лента не қуат көзі;
4) табылған күдікті заттан естілетін шу (сағаттық механизге сай дыбыс, төмен жиілікті шу).
Егер де Сіз күдікті затты тапсаңыз,бұл фактке көңіл аударыңыз:
1) қоғамдық көлікте:
— қасыңыздағы адамдардан кімнің заты екенің немесе кім тастап кеткенің анықтауға тырысыңыз;
— заттың қожайыны табылмаса жедел турде жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.
2) өз үйіңіздің кіреберісіңде:
— көршілеріңізден сұрастырып көріңіз,мүмкін бұл зат оларға тиесілі. Егер де қожайыны табылмаса шұғыл түрде құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел.102,112).
3) далада,паркте және т.б. жерлерде:
— айналаңызға қараңыз,мүмкіндік болса заттың қожайының табуға тырысыңыз. Егер де ол табылмаса жедел түрде құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел.102,112);
— богде адамдарды табылған затқа жақындатпауға тырысыңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне заттың табылған уақыты туралы хабар беріңіз.
4) мекемелерде:
— күзет қызметкерлеріне немесе әкімшілікке табылған зат туралы хабарлаңыз.
Өз бетіңізбен табылған күдікті заттармен ешқандай әрекет жасамаңыз – егер бұл жарылғыш заттар болса жарылып, көптеген құрбандық пен қиратуға әкелуі мумкін.
Қатаң тыйым салынады:
— затты ашу, орнынан қозғалту, көтеру, басқа жерге қою, қолға алу;
— затты қалтаға, портфельге, дорбаға салу;
— суға тастауға немесе жерге көмуге;
— заттан шыққан сымды тарту не жұлуға, зиянсыздандыру шараларына әрекет ету;
— табылған белгісіз заттармен қолдану;
— табылған заттардың қасында радио және электр аппараттарымен, ұялы телефондармен қолдануға.