НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде. Сейсенбі күні таңертең президент Ашраф Ғани және басқа да саясаткерлер мен шенеуніктер қатысқан айт намазы кезінде президент сарайының жанына үш зымыран құлады. Бұл туралы TOLO News хабарлайды.
Зымырандар Құрбан айт намазы басталған кезде құлады.
Ақпарат көздері зымырандардың Кабулдың солтүстігіндегі 18-ші ауданындағы Парван-э-Се аймағынан атылғанын растады.
Зымырандар 1 Кабул ауданындағы Баг-и-Али-Мардан және Чаман-и-Хозори аудандарына және 2 Кабул ауданындағы Манабе Башари ауданына — президент сарайының маңына құлады.
Қаза болғандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.