НҰР-СҰЛТАН, 25 шілде. Украинаның тәртіп сақшылары Түркиядан кірпіш тиелген жүк көліктерімен келген 370 келіге жуық героинді тәркіледі, контрабанданың жалпы құны 36,8 миллион долларды құрайды, деп Украинаның Бас прокуроры Ирина Венедиктоваға сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды.
«Тәртіп сақшылары Киев қаласындағы қоймаға Ираннан Украинаға жүк көлігін жеткізуді бақылаған. Автокөліктің тіркемесінен арнайы жабдықталған қуыс кірпіш муляждарынан есірткі заты табылды. Тінту кезінде ол жерден героин бар 1159 брикет тәркіленді», — деді ол Facebook парақшасында.
Контрабанда арнасын ұйымдастырушылар жақын жерде ұсталды. Тексеру барысында екі чемоданнан 1550 грамм героин бар 5 брикет табылып, тәркіленді.
«Тәркіленген аса қауіпті есірткінің жалпы салмағы 368 килограмнан асады, ол қара нарықтағы бағамен 1 миллиард гривеннен (36,8 миллион доллар — ред.) асады», — деп қосты ол.